Ссылки доступа

Бішкек тәжік құқық қорғаушысына қатысты тергеуді қайта бастады


Іс "шекараны заңсыз кесіп өту" және "қызмет өкілетін теріс мақсатта пайдалану" баптары бойынша қозғалған.

Өткен жылы қыркүйекте тоқтатылған іс бойынша тергеу Бішкекте Валиевтің әйелі Жанет Хамзаева ұсталған соң басталған. Хамзаева 2 қазанға қараған түні Стамбулдан ұшып келген соң тұтқындалған. Кейін оның МҰҚК-да "Валиевтің мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуі және оған Қырғызстан азаматы паспортын заңсыз беру фактілері бойынша" куәгер ретінде тергелген соң босатылғаны хабарланған.

Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Хамзаеваның ұсталуына байланысты алаңдайтынын мәлімдеді. Ұйымның Орталық Азия бойынша зерттеушісі Стив Свердловтың пікірінше, Хамзаеваның ұсталуы Тәжікстанда тыйым салынған "Группа 24" оппозицияшыл тобының белсендісі Собир Валиевтің қызметімен байланысты болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG