Ссылки доступа

Тәжік адам құқығын қорғаушысы Собир Валиев Қырғызстан елшілігіне хабарласады


Тәжікстандық "24 тобы" ұйымының белсендісі, адам құқығын қорғаушы Собир Валиевтің хабарлауынша, ол жақын күндері Қырғызстан елшілігіне жүгінеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желілерде жарияланған бейне үндеуінде айтты.

Оның айтуынша, қазір ол еуропалық елдердің бірінде жүр. Валиев қырғыз елшілігіне хабарласқан соң, Қырғызстанның Мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік қызметі оған қарсы қылмыстық іс қозғау туралы құжаттар жолдауы мүмкін.

"Мен бүгін Қырғызстанның МҰҚК маған қарсы қылмыстық іс қозғағанын естідім. Еуропа елдерінде қырғыз төлқұжатымен жүрмін, менде шенген визасы бар. 2015 жылы мені Молодовада ұстады, бірақ Қырғызстан қылмыстық іс қозғау туралы құжаттар жолдаған жоқ. Бұның барлығы менің саяси қызметіме байланысты болуы керек деп ойлаймын. Осындай өтініш Тәжікстан билігінен түскен болуы керек", - деді Валиев.

Бұған қоса, ол таңертен Тәжікстанның арнайы қызметінен қоқан-лоқы хабарламасын алғанын мәлімдеді. Арнайы қызмет Валиевтің әйелінің өміріне де қауіп бар деп қорқытқан.

Бұған дейін хабарланғандай, Қырғызстанның арнайы қызметі Собир Валиевке "шекараны заңсыз кесіп өту" және "қызмет бабын асыра пайдалану" баптары бойынша қылмыстық іс қозғады. Биыл 2 қазанда оның әйелі Жанета Хамзаеваны Стамбулдан Бішкекке ұшып келген жерде ұстады. Хамзаева бұл істе куәгер ретінде тергеледі.

XS
SM
MD
LG