Ссылки доступа

Ресей Сирияға жаңа зымыран кешенін жеткізді


Ресей бірінші рет шетелде С-380 ВМ «Антей-2500» заманауи зенит-зымыран кешенін күшейтіп жатыр деп хабарлайды америка өкілі Fox News телеканалына сілтеме жасап.

Қару тиелген жүк өткен жексенбіде Жерорта теңізі жағалауындағы Тартус сириялық портқа жеткізілген. Онда ресейлік әскери-теңіз базасы орналасқан. Техника әзірге базада ашылмаған күйінде тұр.

С-380 ВМ АҚШ пен оның одақтастарының қанатты зымыранына қауіп туғызады. Олар сонымен бірге шағын және орта қашықтықтағы баллистикалық зымыранмен және әскери ұшақтың шабуылдарына қарсы тұра алады.

Үш жыл бұрын президент Обама Сирия армиясының оппозицияға қарсы қолданып жатқан химиялық қаруға жауап ретінде қанатты зымыранды пайдалану мүмкіндігін қарастырған. Ресей болса Сирияда өздерінің әскери базасын қорғау үшін S-400 зенит-зымыран кешенін орналастырып үлгерді.

Бір жыл бұрын Сирияда Ресей әуе шабуылдарын бастаған кезде, президент Обама Мәскеу Сириядағы азаматтық соғысты әлсіретеді деп болжаған еді. Алайда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы бірер күн бұрын Ресейдің араласуы Асад режимін күшейтті деп ресми мойындады.

XS
SM
MD
LG