Ссылки доступа

Италияда мыңдаған мигранттың құтқарылғаны хабарланды


Италияның Жағалау қызметінің күзеті 39 қайықпен Еуропаға жағалауына жеткен алты мыңнан астам мигранттың құтқарылғанын мәлімдеді. Қызметтің хабарлауынша, 9 мигрант көз жұмған, италиялық Лампедуза аралындағы ауруханаға жүкті әйел мен сәби жеткізілген.

3 қазанда жүргізілген құтқару операциясы соңғы бірнеше айдан бергі ең ірі шара болған деп хабарлайды жағалау қызметі.

Үрленген бір қайықтың өзінен 725 адамды түсірген. Құтқару операциясына жағалау қызметінің ондаған кемесі, әскери-теңіз флоты және гуманитарлық ұйымдар жұмылдырылған. Мигранттар Ливия жағалауынан 50 шақырым жүзіп келген.

Үш жыл бұрын Лампедузада мигранттар мінген қайық батып, 386 адам қаза тапқан. Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның хабарлауынша, жыл басынан бері 132 мың мигрант Италия аумағына келген. Үш мыңға жуығы жол бойында қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG