Ссылки доступа

Әзімжан Асқаровтың ісі бойынша сот 11 қазанда жалғасады


Қырғызстанның Шу облыстық соты Әзімжан Асқаровтың ісін қарауды 11 қазанда жалғастырады. Сот процесі әр сейсенбі сайын өтетін болды. 4 қазанда өткен алғашқы сот тыңдауларында Асқаров кінәлі еместігін Құранмен ант етіп, өзін шындық детекторымен тексеруін сұрады.

Бұған қоса, Асқаровтың адвокаты қорғаушысын босатып, істі қайта қарауға жіберуін соттан сұрады. Сот алғасы бұл ұсыныстарды қабылдаған жоқ.

Бұған дейін хабарланғандай, Асқаров Базар-Қорған ауданында адам құқығын қорғау қызметімен айналысқан. 2010 жылдағы маусым оқиғасынан соң оны жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыруға және милиция қызметкері Мықтыбек Сүлейменовты өлтіруге қатысы бар деген күдікпен ұстады.

Соттың барлық инстанциясы оны өмірлік түрме жазасына кесті.

2016 жылы сәуірде БҰҰ Адам құқығы жөніндегі комитеті Қырғызстан билігін Асқаровты босатып, сот үкімін жоюға шақырды. 12 шілдеді Жоғарғы сот істі Шу облыстық сотына қайта қарауға жолдады.

XS
SM
MD
LG