Ссылки доступа

Ассандж АҚШ сайлауы мен Google туралы жаңа ақпарат жариялайды


WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассандждың хабарлауынша, оның онлайн-платформасы жыл аяғына дейін миллионға жуық жаңа құжат жариялайды. Оның айтуынша, құжаттардың ішінде АҚШ президент сайлауы, Google компаниясы, соғыстар, қару-жарақ және мұнай индустриясына қатысты материалдар көп.

Ассандж Берлинде видеоконференция өткізді, осылайша ол wikileaks.org доменінің алты жылдығын атап өтті.

45 жастағы автралиялық Wikileaks басқару әдісінің өзгергенін баяндап өтті. Бұған қоса ол оның тобы әріптес БАҚ санын арттыруды көздегенін мәлімдеді. Қазіргі таңда ол жүзге жуық БАҚ-пен байланыс орнатқан.

Швеция билігі Ассанджға іздеу жариялады. Оған сексуалдық мазмұндағы қылмыс жасады деген күдік келтірілген. Күдіктінің өзі бұл айыптарды жоққа шығарып отыр. Ол 2012 жылдан бері Эквадордың Лондондағы елшісін паналап келді. Ассандж Швеция билігі оны АҚШ-қа ұстап беруден сескеніп отыр. Құрама Штаттар оны құпия материалдарды жариялағаны үшін соттауы мүмкін.

XS
SM
MD
LG