Ссылки доступа

Брюссель қаласында ЕО-Орталық Азия кездесуі өтті


4 қазанда Брюссель қаласында Еуроодақ өкілдері мен Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің 12-ші кездесуі болып өтті.

Еуропалық комиссияның вице-президенті Федерика Могерини мен халықаралық әріптестік және даму жөніндегі комиссар Невен Мимица Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан СІМ басшыларын күтіп алды.

Кездесуде ЕО және ОА елдері арасындағы қарым-қатынасты дамыту мәселелері талқыланды. Жиында ортақ қауіп-қатерлермен күрес мәселелеріне ерекше назар аударылды.

ЕО Орталық Азия елдерінің тұрақтылығын, қауіпсіздігін және осы аймақтың тұрақты дамығанын қалайды. Осы мақсат үшін 2014-2020 жылдарға қаржылай көмек ретінде 1 млрд евро бөледі.

Форумға қатысушылар 2017 жылы Орталық Азиядағы стратегияның қайта қаралуы ЕО мен ОА арасындағы әріптестікті әрі қарай дамытуға көмектесетініне, онда аймақтағы әрбір елдің ерекшелігі ескерілетініне сенім білдірді.

XS
SM
MD
LG