Ссылки доступа

Өзбекстанда ЕҚЫҰ бақылаушыларының миссиясы жұмыс істейді


Өзбекстанда 11-14 қазан аралығында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) миссиясы келіп, елдің ішкі саяси жағдайымен танысады.

«Независимая газета» басылымының жазуынша, осы сапардан кейін 4 желтоқсанда өтетін президент сайлауына толыққанды мониторинг жүргізу қаншалықты пайдалы екендігіне шешім шығарады.

ЕҚЫҰ сайлаудың жасанды өтетінін, ал бақылаушыларға билікті либералды етіп көрсеткісі келетінін жоққа шығармайды.

Өзбекстанның Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) ЕҚЫҰ бақылаушыларын шақырып, алдағы президент сайлауына баға беруін сұраған. Елдің тұңғыш президенті Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін, мемлекет басшысы міндетін уақытша атқарушы, елдің премьер-министрі Шавкат Мирзияев Батысқа Тәшкентті демократиялық құндылықтарды бағалаушы ретінде көрсетуге тырысып келеді. Осыған дейінгі сайлауларға Өзбекстан ЕҚЫҰ бақылаушыларын шектеп, «Өзбекстанда сайлауға бәсекелестік жоқ әрі миссияның қажеті де жоқ» деп келген.

XS
SM
MD
LG