Ссылки доступа

Тәжікстан киберқылмыспен күрес туралы хаттаманы мақұлдады


Тәжікстан парламенті төменгі палатасының депутаттары 5 қазанда Ұжымдық келісім туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттермен ақпарат саласындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы бірге күресу туралы хаттаманы мақұлдады.

Елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Мансуржон Умаров депутаттарға хаттаманы Тәжікстан қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды құжат ретінде таныстырды. "Интернет арқылы таралатын заңсыз әрекеттердің көзін жою жұмысында бұл хаттаманың маңызы зор", - деді ол.

Аталған құжатқа ұйымға мүше мемлекеттердің өкілдері 2014 жылы Мәскеуде қол қойған.

Билік мәліметі бойынша, жыл басынан бері Интернеттегі аңду нәтижесінде сегіз теракт әшкереленді. Бас прокуратура өкілі Әбдірахим Абдуласановтың айтуынша, олар әлеуметтік желілерді, электрондық пошталар мен мессенжерлерді тексерген.

Тәжікстан жыл басында ақпараттық технологияларды қолданушы қылмыскерлермен күрес жөніндегі орталық құру ниеті туралы жариялаған болатын.

XS
SM
MD
LG