Ссылки доступа

ICG: қырғыз қоғамындағы бос кеңістікті дін басты


Халықаралық дағдарыс тобы (ICG) мемлекеттік органдардың әлсіздігі мен коррпуциялығы салдарынан Қырғыз қоғамындағы бос кеңістікті діни ағымдар, оның ішінде радикалды топтар басты деп мәлімдеді.

«Мемлекеттің әлсіздігі мен радикализация» деген тақырыпта баяндама жасаған ICG Қырғызстанда 2000 жылдан бері ислам ұйымдарының саны екі есеге өсіп, екі мыңнан асқан деп атап өтеді. Олардың жартысы либералды көзқараста болса, кейбірі шариғат заңын ұстанады екен.

Халықаралық ұйым соңғы баяндамасында қоғамдағы әйелдер рөліне де баса назар аударған. Олардың әртүрлі жағдайда кездейсоқ радикалды топтарға тап болатыны айтылған.

«Миграцияның өсуі отбасының тұрақтылығына кедергі келтіреді. Кейбір әйелдер діни ұйымдардан қорған іздейді. Ең қауіптісі бұл әйелдерді «Хизб ут-Тахрир» секілді радикалды ұйымдар қатарына тарту мүмкіндігі зор»,- деп атап өтеді ICG-дың Орталық Азиядағы өкілі Диердре Тайнен.

Ол мемлекет Конституцияда көрсетілгендей азаматтарға діни-сенім бостандығын беруі керек деп есептейді. Бұл құқықты үкімет те, қауіпсіздік қызметі де сыйлау керек, мұнан бөлек мемлекет жастарға жақсы білім алуға жағдай жасау керек деген кеңес береді.

XS
SM
MD
LG