Ссылки доступа

Түркіменстан Еске алу күнін атап өтіп жатыр


Түркіменстан 1948 жылғы Ашхабадтағы зілзала және соғыс құрбандарын еске алды, деп хабарлайды РИА Новости.

Республикада барлық тулар түсіріліп, мешіттер мен шіркеулерде аза тұту діни рәсімдері өткізіледі. Ашхабадтағы Halk hakydasy ("Халық мұрасы") мемориалында басты аза тұту шарасы өтеді. Мұнда Ruhy tagzym ("Рухқа тағзым") монументіне гүл қойылады. Бұл монумент 1948 жылы 6 қазанда Ашхабадты толық қиратқан зілзала құрбандарының құрметіне тұрғызылған.

Қаладағы Ұлы Отан соғысы және түркімендер қатысқан басқа да соғыс құрбандарына арналған ескерткіштерге гүл қойылады.

Одан соң мұсылман дәстүрі бойынша ас беріледі. Осындай іс-шаралар Түркіменстанның барлық өңірлерінде өтеді.

Ашхабад зілзаласынан қаладағы ғимараттардың 98 пайызы қирап қалды. Түркіменстанның бірінші президенті Сапармұрат Ниязовтың жазуынша, зілзаладан 198 мың қала тұрғынының 176 мыңы қаза тапты.

XS
SM
MD
LG