Ссылки доступа

Қажылыққа барған тәжіктердің соңғы легі елге қайтты


Қажылыққа барған тәжіктердің соңғы легі бүгін Мединадан Душанбеге ұшып келеді, деп хабарлады Дін істері жөніндегі комитет.

360 адам бүгін түсте араб әуе компаниясының Airbus лайнерімен ұшып келеді. Қажылыққа барушылар Сауд Арабиясынан 18 қыркүйекте қайта орала бастады.

55 жастағы душанбелік Илхом Аминжоновтың айтуынша, биылғы қажылық сапар кезінде күн 50 градусқа дейін ысып кетті, мұны екінің бірі көтере алмайды, соған қарамастан қажылық парыз орындалды.

Биыл қажылық кезінде үш тәжік қайтыс болды, олар Меккеде жерленді. Биыл Мекке мен Медина қалаларына 6 мыңнан астам Тәжікстан азаматы қажылық сапар жасады.

XS
SM
MD
LG