Ссылки доступа

Польша билігі наразылықтардан кейін түсікке тыйым салудан айныды


Польша үкіметі наразылық шараларынан кейін түсікке толық тыйым салуды алып тастады. Бұл жөнінде Польшаның білім министрі Ярослав Говин сәрсенбі күні мәлімдеді.

Министрдің сөздерінше, бірнеше ай қатарынан өтіп жатқан наразылық шаралары биліктің ұстанымын өзгертті. Польша парламентінің жоғарғы палатасының өкілі сенаторлар бұл заң жобасымен жұмыс істемейді деді.

Польшада түсік тастау тек медициналық нұсқаумен ғана рұқсат беріледі. Ресми мәліметтерге қарағанда 38 миллион халқы бар Польшада жыл сайын 2 мыңнан астам түсік жасалынады екен.

Азаматтық белсенділер ұсынылған заң жобасы жүктілікті тоқтатуға тыйым салынып, түсік жасатқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

XS
SM
MD
LG