Ссылки доступа

Қазақстандық провайдерлер Қырғызстан үшін Интернетті бұрынғы бағамен сататын болды


Қазақстандық операторлар Қырғызстан үшін Интернеттің бұрынғы бағасын қайтаратын болды. Бұл туралы Бішкектегі баспасөз мәжілісінде Қырғызстанның монополияға қарсы мемлекеттік агенттігінің басшысы Болсунбек Казаков мәлімдеді.

Оның айтуынша, екі елдің монополияға қарсы мекемелері, "Қырғызтелеком", интернет-провайдерлер және ұялы байланыс компаниялары Алматыда келіссөздер жүргізді.

"Кездесу нәтижесінде қырғыз компанияларына бұрынғы бағаны қалдыратын болды. Біздің компаниялар келісім-шарттарын алды", - деді ол.

Казаковтың айтуынша, қазақстандық провайдерлердің қырғыздар үшін келісілген бағасы бір мегабайтқа 10-нан 15 доллар арасында белгіленеді, олар Интернетті ресейлік компаниялардан 2 доллардан сатып алады. Бұл сала реттелмейді, нарық бағасын сұраныс пен ұсыныс анықтайды, деді ол. Тәжікстанда Интернеттің бір мегабитінің бағасы - 65 доллар.

Еске салсақ, 2016 жылы тамыздың аяғында Қырғызстан байланыс операторларының қауымдастығы Қазақстан провайдерлері Интернет бағасын үш есеге - бір мегабит үшін 30-дан 50 долларға дейін көтеріп жібергенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG