Ссылки доступа

Қазақстанда қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды


Қазақстанда 6 қазанда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін құру туралы жарлығы жарияланды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, жаңа министрліктің қызметі "қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік)" салаларын қамтиды. Мекеменің негізгі бағыттары "бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныс саласында тапсырыс қалыптастыру, орналастыру және орындау" деп көрсетілген.

Жаңадан құрылған министрлік құзыретіне қорғаныс министрлігінің, ұлттық экономика министрлігінің, ақпарат және коммуникациялар министрлігінің бірқатар міндеттері көшірілді.

XS
SM
MD
LG