Ссылки доступа

Еуропалық одақта шекара және жағалау күзеті қызметі жұмыс істей бастады


Еуроодақта бейсенбі күні Еуропалық шекара және жағалау күзеті қызметі жұмысын бастады. Миграциямен күресетін мекеменің алғашқы миссиясы Болгария мен Түркия шекарасындағы бақылау-өткізу пунктінде жасақталды.

Жаңа қызметтің штаб-пәтері Варшава қаласында орналасқан. Желтоқсанға таман оның 1500 шекарашысы болады. Олар Еуропалық одақтың сыртқы шекарасын күзетеді. Шекара қызметі Еуропада баспана таба алмаған мигранттарды отанына қайтару үшін әуе рейстерін өз бетімен ұйымдастыра алады.

Еуропалық шекара және жағалау күзеті қызметі - Еуроодақ тарихындағы сыртқы шекараны бақылайтын алғашқы бірлескен қызмет. 2015 жылы Таяу Шығыс және Африкадан жарты миллионнан астам мигрант Еуропаға баспана іздеп барды.

XS
SM
MD
LG