Ссылки доступа

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жаңа Бас хатшылыққа үміткерді бекітті


Бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Португалияның бұрынғы премьер-министрі Антониу Гутерришті Бас хатшылыққа үміткер ретінде бірауыздан бекітті.

Бас ассамблея Гуттеришке дауыс берсе, онда ол 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап БҰҰ басшысы Пан Ги Мунның орнына отырады. Ұйымды он жыл басқарған Пан Ги Мун Гуттеришті "керемет үміткер" деп атады.

"Біз өмір сүріп жатқан қазіргі заман қауіп-қатерлерге толы екенін мойындамасқа амал жоқ", - делінген Гуттериштің Лиссабонда таратылған мәлімдемесінде. - Дегенмен мұндай сезім бізді аш-жалаңаштарға, соғыстар мен терроризм құрбандарына көмектесуге, заңсыздық, аштық және әділетсіздікпен күресуге итермелейді".

Антониу Гутерриш Португалия үкіметін 1995-2002 жылдар аралығында басқарды, ал 2005-2015 жылдары ол БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі басқармаға жетекшілік етті.

Пан Ги Мунның мирасқоры болуға 12 үміткер таласты. Олардың бірқатары БҰҰ басшылығын сириялық жанжалдың шешімін таппағаны, Эбола вирусымен күресте енжарлық танытқаны үшін сынады, қалғандары ұйымды түбегейлі реформалауды ұсынды.

XS
SM
MD
LG