Ссылки доступа

Беларусь президенті Лукашенко Ислам Кәрімовтің зиратына барды


Беларусь президенті Александр Лукашенко бейсенбі күні жұмыс бабымен Өзбекстанға барды. Самарқан қаласында ол Өзбекстан президенті міндетін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияевпен кездесті.

Келіссөздер кезінде Лукашенко екі мемлекет арасындағы қарым-қатынасты жақсартудың жолдары көп екенін мәлімдеді.

"Біздің экономика саласындағы әріптестігіміз сәл кенжелеп қалды. Алдағы уақытта - бір, екі, үш жылда - біз екі ел арасындағы азғандай тауар айналымын міндетті түрде ұлғайтамыз", - деді Лукашенко.

Шавкат Мирзияев Беларусь елін "байырғы серіктес" және "дос мемлекет" деп атап, тауар айналымының қазіргі жағдайы тым аз екенін мойындады. "Біз тауар айналымын өсіретін салаларды анықтауымыз керек", - деді ол.

Самарқан қаласында Лукашенко Ислам Кәрімовтің жесірімен кездесіп, көңіл айтты. Сол күні Беларусь басшысы "Хазрат Хизр" зиратына барып, Шахи Зинда ескерткіш кешені жанында орналасқан Ислам Кәрімов зиратына гүл қойды.

XS
SM
MD
LG