Ссылки доступа

Астана Қырғызстанмен шекарадағы фитосанитарлық бақылауды алып тастайды


Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы (ЕЭК) тауарлардың қазақ-қырғыз шекарасынан өтуін тездететін шешім қабылдады, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Қазақстан үкімет басшысының сайтында жарияланған хабарлама бойынша, Қазақстан қазақ-қырғыз шекарасында әлі күнге дейін фитосанитарлық бақылау жүргізіп келеді, ал қырғыздар болса мұндай тексеруді алып тастады.

Комиссия мәліметі бойынша, бақылаудың мұндай түрі Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 мамырдағы шешімімен алып тасталынған. Қалыптасқан жағдай карантин жарияланған тауарларды Қырғызстаннан Қазақстанға өткізуді қиындатып жібереді, делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, комиссия Қазақстан үкіметіне 10 күннің ішінде қабылданған іс-әрекет нәтижесін хабарлауын ұсынды.

XS
SM
MD
LG