Ссылки доступа

Ресейдің арнайы қызметі украиналық журналиске тыңшылық жасады деген айып тақты


Ресей ФҚҚ тергеушілері Украина азаматы журналист Роман Сущенкоға "тыңшылық" бабы бойынша айып тақты. Журналист бұл айыпты жоққа шығарып отыр.

"Укринформ" агенттігінің тілшісі Роман Сущенконы ФҚҚ қызметкерлері Мәскеуде өткен аптада ұстады. Сот оны екі ай қамау туралы үкім шығарды.

Ресейлік арнайы қызметтегілердің мәлімдеуінше, Сущенко – украиналық барлау қызметінің полковнигі және ол Ресейге "тыңшылық жасау" үшін келген. Киев Сущенконың тыңшылыққа қатысы жоқ екенін мәлімдеп, оның ұсталуын арандатушылық деп атады. Украина журналисті тез арада босатуын талап етті.

Украиналық дипломаттар Сущенкомен тергеу абақтысында кездесе алған жоқ. Украина президенті Петр Порошенко жұма күні Фейсбукте хабарлауынша, консулдық жұмысшылары журналиспен осы аптада кездеседі.

XS
SM
MD
LG