Тексеру жүргізуге Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі де қосылғаны белгілі болды. Бұған дейін елшіліліктегілер Қырғызстанда қазан айында террорлық шабуыл туралы мәлімет алғанын хабарлады. Жергілікті билік пен шетелдік дипломаттарға қарсы жасалатын шабуылдар кезінде адамдарды ұрлап әкетіп, кепілдікке алуы мүмкін деп хабарланды.
"АҚШ азаматтарына тікелей қауіп төніп тұрмаса да, Елшілік Қырғыз Республикасында тұратын немесе осында қыдырып келген АҚШ азаматтарына сақ болуын ескертеді", - делінген хабарламада.