Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов соған байланысты арнайы үкімет жиналысын өткізіп, Түркіменстан-Ауғанстан-Тәжікстан теміржолының құрылысын талқылады.
Түркімен басшысының пікірінше, бұл теміржол Азия теміржол дәлізінің "алтын буыны" болуға лайықты, ол Еуропа мен Азияны жалғастыратын халықаралық көлік желісінің маңызды бөлігіне айналады.
Мемлекет басшының айтуынша, дәліздің бірінші бөлігінің іске қосылуы көлік жүйесінің тұрақтылығына қатысты ғаламдық конференциямен тұспа-тұс келіп тұр. БҰҰ бұл форумды Ашхабадта өткізеді. Трансұлттық теміржол дәлізінің құрылысы 2013 жылы маусымда басталды.