Ссылки доступа

Қырғызстан президенті Грузия мен Арменияға барады


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев ресми сапармен Грузияға, одан соң Арменияға - Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясына қатысуға барады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент сапарының басқа да жайттары айтылған жоқ. Сапарға дайындық барысын мемлекет басшысы елдің сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев пен президент аппараты сыртқы саясат бөлімінің жетекшісі Сапар Исаковпен бірге талқылады.

Абдылдаев президентке сыртқы саясатта атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап берді. Министр "Еуропалық Одақ - Орталық Азия" форматында сыртқы істер министрлерінің кездесуі және Ауғанстан бойынша Брюссель қаласында өткен халықаралық конференция, Нидерландыға сапарының нәтижелері туралы есеп берді.

XS
SM
MD
LG