Ссылки доступа

Адам құқығын қорғаушы Нодия Мурад мәртебелі Вацлав Гавел сыйлығының лауреаты атанды


Адам құқығын қорғаушы Нодия Мурад адам құқығы саласындағы елеулі қызметі үшін берілетін Вацлав Гавел сыйлығының төртінші лауреаты атанды.

Нодия Мурад - Ирактағы йезидтер қауымдастығының белсендіcі. Қауымдастық "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының зорлық-зомбылығын көп тартты.

Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясы Надяға 60 мың евро сыйақы тағайындады. Сыйлықты тапсыру салтанаты 10 қазанда Страсбург қаласында өтті.

2014 жылы Ирактың солтүстігінде ИМ террорлық ұйымының содырлары Мурадты үш айы бойы құлдықта ұстады. Ол Германияға қашып үлгерді. Содан бері Мурад танымал адам құқығын қорғаушы, БҰҰ-ның мейрімділік елшісі атанды.

Мурад йезидтердің ауыр жағдайы туралы әлемге бірінші болып хабарлады.

Гавел сыйлығының басқа да үміткерлері - серб журналисі Гордан Игрич және Адам құқығы жөніндегі халықаралық институт (Рене Кассин қоры).

XS
SM
MD
LG