Ссылки доступа

Ресей мен Түркия газ құбырын салуға келісімге келді


Ресей және Түркия президенттері Владимир Путин мен Режеп Тайып Эрдоғанның келіссөздерінен кейін екі елдің энергетика министрлері "Түрік ағыны" газ құбыры жобасы жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл жөнінде ТАСС агенттігі хабарлайды.

"Газпром" концерннің басшысы Алексей Миллер осыған дейін хабарлағандай, келісімде Қара теңіздің түбі арқылы магистральды екі желінің құрылысын салу қарастырылған. Жобаның құрылысы 2019 жылдың желтоқсан айына дейін аяқталуға тиіс.

2014 жылы Еуроодақтың газ құбыры жобасы "үшінші энергия пакеті" талабына сай болу қажет деген ұстанымынан кейін Ресей "Оңтүстік ағын" құрылысын тоқтатып, оған балама ретінде – "Түрік ағыны" жобасын бастауды шешкен. Алайда екі ел арасындағы қарым-қатынастың нашарлауынан келіссөздер тоқтап қалған. Енді әріптестік байланыс қайта орнағаннан кейін жоба жұмысы да қайта басталды.

Ресей Түркияға қатысты экономикалық санкцияны жартылай алып тастады. Президент Владимир Путин Ресей базарына түріктің ауылшаруашылық тауарларын жіберетінін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG