Ссылки доступа

Нұрсұлтан Назарбаев ауырып қалды: ресми мәліметте "суық тиді" делінген


Қазақстан президентінің ресми сайтында Нұрсұлтан Назарбаевқа "суық тигені" және елбасы қазір емделіп жатқаны туралы хабарланды.

Назарбаевтың сырқаттанып, ем қабылдап жатқаны туралы хабарлама президент әкімшілігінің ресми сайтында бірінші мәрте жарияланып отыр.

Осы хабарламадан бір күн бұрын Ақорданың баспасөз қызметі Назарбаевтың Өзбекстан президенті қызметін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияевпен телефон арқылы әңгімелескені және шетелдік елшілерден сенім грамоталарын қабылдау салтанатына қатысқаны туралы хабардар етті.

БАҚ мәліметі бойынша, Назарбаев 13 қыркүйек, бейсенбі күні ресми сапармен Арменияға баруы керек болған.

76 жастағы Нұрсұлтан Назарбаев - ұзақ уақыт ел басқарған саясаткерлердің бірі. Ол 1989 жылдың маусымынан бері билік басында отыр.

XS
SM
MD
LG