Ссылки доступа

Душанбе: тәжік содырларының 90 пайызы ИМ-ге Интернет арқылы тартылған


Тәжікстан мемлекеттік прокуратурасының мәліміметі бойынша, "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымы сапында Сирия мен Иракта соғысып жүрген тәжік содырларының 90 пайызы Интернет арқылы осы ұйымға тартылған.

Қадағалаушы орган өкілі Маризо Халифазода Душанбеде өткен халықаралық конференцияда тәжік содырларының 85 пайызы еңбек мигранты ретінде Ресейге барып, сол жерден экстремистік топтардың құрамына кіріп кеткенін айтты.

Көршілес Ауғанстандағы жағдайдың күннен күнге нашарлап кетуінің де бірден бір факторы - Орталық Азияда, соның ішінде Тәжікстанда экстремистік идеяның кеңінен таралуы.

"ЕҚЫҰ мен басқа да халықаралық ұйымдармен бірге әзірленіп жатқан Тәжікстанның экстремизм және терроризге қарсы тұру жөніндегі мемлекеттік стратегиясында осы мәселені зерттеуге аса маңызды көңіл бөлінген", - деді Халифазода.

Бұдан бөлек, қоғамдағы экстремизмді жеңудің тағы бір әдісі - түрлі мазхабтар мен конфессиялардың өзара толерантты болуы, деп атап өтті тәжік қадағалаушы орган өкілі.

XS
SM
MD
LG