Ссылки доступа

Мирзияев сотталғандарға рақымшылық жариялауын ұсынды


Өзбекстан президенті қызметін уақытша атқарушы Шавкат Мирзияев Конституция күні қарсаңында елде рақымшылық жариялау туралы ұсыныс жасады. Бұл мереке Өзбекстанда 8 желтоқсанда атап өтіледі.

Өзбекстан парламентінің жоғарғы палатасының 10 қазандағы отырысында айтылғандай, осы рақымшылық аясында қылмыс жасағанда кәмелет жасқа толмаған қыздарды, 60 жастан асқан еркектерді, шетел азаматтарын және түрмедегі мүгедектерді босату ұсынылды.

Парламенттің қорытынды шешімі 12 қазанда қабылданады деп жоспарланған. Бұл рақымшылық 2 қыркүйекте президент Ислам Кәрімов қайтыс болғалы бері алғаш рет жарияланып отыр.

Өзбекстанда бұған дейінгі рақымшылықтар Конституция күні қарсаңында жарияланған еді.

XS
SM
MD
LG