Ссылки доступа

Кабулдағы шіркеуде қарулы кісі 14 адамды атып тастады


Кабул қаласында сейсенбі күні шіркеуге қарумен кірген адам құлшылық етуге келген 14 адамды атып өлтірді.

Он үш бейбіт тұрғын және бір полиция қызметкері қаза тапты, тағы 36 адам жараланды, деп хабарлады Ауғанстан ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, шабуылдан кем дегенде 43 адам зардап шеккен.

Шабуыл сейсенбі күні кешкі 8 шамасында болған. Куәгерлер қарудан оқ атылмастан бұрын шіркеуде жарылыс болғанын айтты.

Шабуылды әуелі үш адам жасады деп хабарланған, бірақ оқиға орнына жеткен полиция өкілі бір қылмыскердің ғана көзі жойылғанын айтып отыр.

XS
SM
MD
LG