Ссылки доступа

Өзбекстанның барлық облыстарында логистикалық орталық салынады


Өзбекстан президентінің міндетін атқарушы, премьер-министр Шавкат Мирзиеев 11 қазанда Сурхандария облысына барды деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Сапар барысында Шавкат Мирзиеев «Термез карго центр» ірі кеден терминалында болған. Бұл халықаралық логистикалық орталықтың жобасы Ауғанстанмен қарым-қатынасты дамытуға арналған.

Кәсіпорын аумағында кеден терминалынан бөлек 300 жүк көлігі сиятын автотұрақ, жүк сақтайтын қойма, қонақ үй салынған. Бұдан бөлек темір жол желісі жүргізілген.

Дәл осында логистикалық орталықтар экспортты ұлғайту үшін елдің басқа да аймақтарында салыну қарастырылған.

XS
SM
MD
LG