Ссылки доступа

Екатеринбургте мигранттар ереуілге шығамыз деп ескертті (видео)


Постсоветтік елдердің бір топ мигранттары Екатеринбургтегі құрылыс компаниялардың бірінен еңбек ақыларын ала алмай жүр. Мигранттар компания басшылығына айлықтарын төлеуге бір апта уақыт берді, болмаған жағдайда ереуілге шығатындарын ескертті.

«Екатеринбург қала құрылысы компаниясы» екінші айдан бері еңбек мигранттарына тиісті еңбек ақыларын төлемеген. Мигранттар ереуілге шығамыз деп сес көрсеткеннен кейін, жергілікті билік істі тексеруге кіріскен.

Жұмысшы Мирсодик Мамадов қарызға батқанын, жалдап тұрып жатқан пәтерінің ақшасы төленбегендіктен, үй иесі шығарып жібергенін айтады. Қазір ол уақытша өзін жұмысқа шақырған Хуршед Гафуров деген азаматтың үйінде отбасымен уақытша тұрып жатыр екен.

Гафуровтың айтуы бойынша, компания жұмысшыларға 7 миллион рубль қарыз. «Екатеринбург қала құрылысы компаниясы» ТМД елдерінің еңбек мигранттарына жұмыс тауып берумен айналысатын менің компанияма тұрғын үй құрылысына жұмысшылар тауып беруге жүгінді. Біздің мигранттардың бәрі заңды жұмыс істейді», - дейді ол.

«Екатеринбург қала құрылысы компаниясының» бас директоры Александр Широченко журналистермен кездесуден бас тартты. Бірақ ол мигранттардың өздері «жұмысты дұрыс істемегендіктен, маған ақша төлеуге тиіс» дейді. «Біз жұмысшыларға мәселені бітім жолымен шешуді ұсындық. Бірақ олар келіспеді. Біз жұмысты сапасыз істегендері үшін сотқа жүгіндік», - дейді ол.

Прокуратура компанияның жұмысына тексеру басталғанын хабарлады.

В Екатеринбурге мигранты угрожают забастовкой
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:46 0:00

XS
SM
MD
LG