Ссылки доступа

ФСБ Қырымда қырым татарларының үйілеріне тінту жүргізген


Сәрсенбі күні аннексияланған Қырымда Ресейдің Федералды қауіпсіздік қызметі қырым татарларының үйіне тінту жүргізген. Бір адам ұсталған деп хабарлайды "Қырым.Реалии" сайты.

Қырым татарлары халқы құрылтайының Орталық сайлау комиссиясы басшысы Заир Смедляевтың айтуынша, тінту Меккеден қайтқан қырым татарларының үйлеріне жүргізілген. "Ұсталған адам "Хизб-ут Тахрир" ұйымының мүшесі деген күдікке алынған" дейді.

2014 жылы Қырым Ресей тарапынан аннексияланғаннан кейін қырым татарлары белсенділеріне қатысты жаппай тексерулер жүргізілді. Украинаның сыртқы істер министрі өздерінің аумағында ресейліктердің азаматтарын жаппай қуғындап жатқанын айыптайды.

XS
SM
MD
LG