Ссылки доступа

Ақорда: Назарбаев халықаралық шараларға әзірге қатыспайды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев апта соңына дейін халықаралық шараларға қатыспайды, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Оның айтуынша, президент кестесіне "бірқатар түзетулер" енгізілген, ал Еревандағы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Кеңес жиналысына Қазақстан премьер-министрі қатысады.

Президент "суық тиіп қалуына байланысты" ем қабылдап жатыр, деді Үкібай. Оның айтуынша, Назарбаевтың денсаулық жағдай жаман емес.

Назарбаев Ереванға 13 қазанда баруды жоспарлаған еді.

Ем қабылдап болған соң Назарбаев әдеттегідей жұмысқа шығатын болады, деді Үкібай.

XS
SM
MD
LG