Ссылки доступа

АҚШ өзінің сайлау жүйесін кибершабуылдардан сақтайды


Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнесттің мәлімдеуінше, АҚШ өзінің сайлау жүйесін Ресейдің кибершабуылдарынан сақтауға қабілеті жетеді. Құрама Штаттарда президент сайлауы қараша айында өтеді.

Америкалық барлау қызметінің мәліметі бойынша, Ресей АҚШ-тың саяси жүйесінде тұрақсыздық орнағанына мүдделілік танытып отыр.

Эрнесттің мәлімдеуінше, америкалықтар АҚШ үкіметінің сайлау жүйесін қорғайтынына сене берсе болады.

"Ішкі қауіпсіздік департаменті өз қауіпсіздігін нығайту үшін 30-дан астам мемлекетпен жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз хатшысы.

XS
SM
MD
LG