Ссылки доступа

Алматылық танымал журналистке шабуыл жасалды


Алматыда белгісіз біреу танымал журналист Ирина Медниковаға шабуылдады. Бұл жөнінде журналистің өзі Facebook’тегі парақшасында хабарлады.

Оқиға 12 қазанда журналист тұратын үйдің жанында болған. "Шабуылдаған ер адам мені жерге сүйретіп, тіземді қан қылды, көлікке ұрып, сөмкемді тартып алып қашып кетті",- деп жазады Медникова.

"Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі" қоғамдық ұйымының директоры Ирина Медникованың сөзіне қарағанда, сөмкесінде Атырау қаласында өтетін ақпарат саласына қатысты шараның құжаттары мен материалдары болған. Журналистің өзі шабуылды тікелей қызметімен байланыстырады.

Алматы қалалық ішкі істер департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек журналистке шабуыл жасау фактісі бойынша "кісі тонау" бабымен сотқа дейінгі тергеу жұмысы басталғанын хабарлады.

Ирина Медникова оппозицияшыл "Республика" газетінде мақала жариялап тұрған. Бұл басылым редакциясы мен журналистері газет ашылған 2000 жылдан бері қуғын көрді. Басылымды Қазақстан билігі "экстремистік" деп танып, жауып тастаған.

XS
SM
MD
LG