Ссылки доступа

Өзбекстан 2020 жылға қарай қолмен мақта теруді 30 пайызға төмендетеді


Өзбекстан 2020 жылға қарай ауыл шаруашылығы өндірісінде заманауи технологияны енгізуге байланысты қолмен мақта теруді 30 пайызға төмендетуді жоспарлайды. Бұл жөнінде бүгін Тәшкентте ашылған XII-ші Халықаралық өзбек мақтасы және тоқыма жәрмеңкесінде көтерілді деп жазады жергілікті БАҚ.

Халықаралық жәрмеңкеде су ресурстарын 15-20 пайызға, тұқымға шығынды 30-35 пайызға және жанар-жағар май материалдарын 20-25 пайызға қысқарту көзделгені айтылған.

Өзбекстанда 2012 жылы ауыл шаруашылығын модернизациялау жөнніде бес жылдық мемлекеттік бағдарлама қабылданған.

Бағдарлама жаңа технологияларды енгізу арқылы қол еңбегін азайтуға бағытталған. Елде мақтаның негізгі сорттары машинамен теруге бейімделген. Өзбекстанның ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне қарағанда, 2020 жылға қарағанда мақтаның 80 пайызын арнайы машинамен жинайтын болады.

XS
SM
MD
LG