Ссылки доступа

Атамбаев: Қырғызстан Грузияның территориялық тұтастығын қолдайды


Қырғызстан Грузияның территориялық тұтастығын қолдайды, дегенмен барлық мәселелер келіссөздер арқылы шешілуі керек, деп мәлімдеді қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев. Қырғызстан басшысы Тбилисиде Грузия президенті Георгий Маргвелашвилимен кездесіп, бірлескен баспасөз конференциясын өткізді.

"Барлық мәселелерді тек қана келіссөздер арқылы шешуді ұсынамын. Келіссөздер арқылы шешілмейтін мәселе болмайды. Біз кеше Георгий Маргвелашвилимен осы тақырыпта ұзақ әңгімелестік. Мен 2005 және 2010 жылдары екі бірдей ірі төңкерісті басынан өткерген елдің президентімін. Біз бұның барлығын өткердік. Біздің алаңда қан төгілді, адамдар өлді, облыстық әкімшіліктің ғимараттары басып алынды. Бірақ біз Мәскеуге немесе Вашингтонға телефон шалған жоқпыз. Барлығын өзіміз шештік. Айтқым келгені, барлық мәселелер әскердің араласуынсыз, келіссөздер арқылы шешілуі тиіс. Өйткені әсер қолдану арқылы мәселе шешудің арты тұйыққа тіреледі", - деді Атамбаев.

Президенттің айтуынша, Қырғызстан Грузияның аумақтық тұтастығын үнемі қолдап келеді, өйткені бұл - әрбір мемлекеттің негізін қалаушы қағидасы.

Алмасбек Атамбаев Грузияда ресми сапармен жүр.

XS
SM
MD
LG