Ссылки доступа

Армения мен Тәжікстан президенттері әріптестік мәселелерін талқылады


13 қазанда Армения президенті Серж Саргсян Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесті. Тәжік басшысы Ереванға Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің (ҰҚК) сессиясына қатысу үшін барды.

Армян басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Саргсян Арменияның Тәжікстанмен достық әріптестікті нығайтуға мүдделі екенін мәлімдеді.

Саргсянның пікірінше, қазіргі таңда армян-тәжік қарым-қатынасы жоғары деңгейде емес, бірақ мемлекетаралық қарым-қатынастың дамып келе жатқаны байқау қиын емес. "Соны нығайтуымыз керек", - деп атап өтті Армения президенті.

Саргсян тәжік әріптесінің болашақта ресми сапармен Арменияға келіп, әріптестікті дамытуға арналған көптеген жаңа келісімдер қабылданатынына үміт білдірді. Тәжікстан президенті екі мемлекеттің ҰҚШҰ аясында ғана емес, екі жақты қарым-қатынасты дамыту туралы талқыланар мәселелер жетерлік деді.

XS
SM
MD
LG