Ссылки доступа

Астана тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында сыйақы төлемейді


Қазақстанның денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму министрлігі ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне қазақстандықтарға ақшалай сыйақы беріледі деген ақпаратты теріске шығарды.

Таяуда бірқатар жергілікті БАҚ WhatsApp мессенджері арқылы парламентте заң жобасы бекітілгенін, оған сәйкес 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап қазақстандықтарға 25 мың теңге көлемінде (75 доллар шамасында) сыйақы берілетіні жөнінде хабар таратылып жатқанын жазған.

Бүгін денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі таратқан мәлімдемеде WhatsApp мобилді мессенджері арқылы таралған ақпарат жалған, шындыққа сәйкес келмейді деп мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG