Ссылки доступа

Атамбаев ҰҚШҰ кеңесіне қатысу үшін Арменияға барды


Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Арменияға жұмыс сапарымен барды деп хабарлайды оның баспасөз қызметі.

Сапар барысында ол Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мемлекет басшыларының (ҰҚШҰ) кезекті кеңесіне қатысады.

ҰҚШҰ мүше Армения, Беларусь, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің мемлекет басшылары халықаралық және аймақтағы проблемалар мен қазіргі қауіптерге қарсы тұру мәселелерін талқылайды.

XS
SM
MD
LG