Ссылки доступа

Татьяна Каримова астана мешітіне Қағбаның қисуасын тарту етті


Өзбекстанның тұңғыш президентінің жесірі Татьяна Каримова мен оның қызы Лола Каримова-Тилляева Тәшкенттегі Минор мешітіне барды деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Олар мешітті айналып қарап, аумағында жүргізіліп жатқан жұмыстарымен танысып, Тәшкент қаласының бас имам-хотибы Анвар-кори Турсуновпен кездескен.

Татьяна Каримова Минор мешітіне Қағбаның алтын жіппен кестеленген қисуасын тарту еткен. Бұл жабуды Ислам Каримовқа Сауд Арабия королі 1992 жылы Ұмраға қажылыққа барған кезде сыйлаған екен. Жабу Қағбада бір жыл бойында сақталған.

Минор мешітінің құрылысы 2013 жылы басталып, 2014 жылдың 1 қазанында ашылған.

XS
SM
MD
LG