Ссылки доступа

Тәжікстанда халықаралық «Дидор» кинофестивалі өтіп жатыр


Тәжікстан кинематографшылар одағының төрағасы Сафар Хакдодовтың айтуынша, "Дидор" фестиваліне (16-20 қазан) Әзірбайжан, Армения, Ауғанстан, Грузия, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Қазақстан, Моңғолия, Ресей, АҚШ, Швейцария және Германиядан 40 шақты қонақ шақырылған.

"Биылғы "Дидор" кинофестивалі атақты тәжік кинорежиссері, сценарист, продюсер Бахтиёр Худойназаровтың құрметіне арналады, сол себепті біз соның ең танымал төрт шығармасын көрсетуді ұйқардық", - деді Сафар Хакдодов.

Оның айтуынша, фестиваль аясында 80 толық және қысқа метражды фильмдер, соның ішінде "Халықаралық панорама: Батыс және Шығыс мәдениеттерінің диалогы", Парсы тілдес елдерің киносы: Ауғанстан, Иран және Тәжікстандағы жаңа фильмдер" атты тақырыптық шығармалар көрсетіледі. Бұл бағдарламада аталған елдердің жас кинематографшылары түсірген фильмдерге ерекше назар аударылады.

Халықаралық "Дидор" кинофестивалі 2004 жылдан бері екі жылда бір мәрте өткізіліп келеді. Бұған дейінгі кинофестиваль тәжік және өзбек кинематографиясының негізін қалаушы Камиль Ярматовтың 110 жылдығына арналды.

XS
SM
MD
LG