Ссылки доступа

Бас прокуратура баскетболшының өлімін тергеуді қадағалауына алды


Қазақстанның бас прокуратурасы Петропавловск қаласындағы спортшының өлімін тергеу «қадағалауға алынды» деп мәлімдеді.

«Бас прокуратура Игорь Нанаевтың өліміне қатты күйзеліп, туыстарына көңіл айтады. Таяу күндері ІІД арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, көпшіліктің сұрақтарына жауап береді. бұл іс ішкі істер министрлігі мен бас прокуратураның бақылауына алынды»,-делінген бас прокуратураның жариялаған мәлімдемесінде.

Петровалвск қаласындағы «Барыс» баскетбол клубының 23 жастағы ойыншысы Игорь Нанаев 3 қазанда түнде ойын-сауық клубында болған төбелестен кейін ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Ол 10 қазанда есін жимастан қайтыс болды.

Осының алдында Солтүстік-Қазақстан облысы полициясының басшы орынбасары күдікті ретінде 21 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG