Ссылки доступа

Қырғызстанда өзге дінде болғаны үшін әйелді қайта жерледі


Қырғызстанның Жалал-Абад облысының тұрғындары мен жергілікті имамдар Қаныгүл Сатыбалдиеваның туыстарына оны жергілікті зиратқа жерлеуге рұқсат етпеді. Себебі марқұм христиан-баптист дінін ұстанған.

76 жастағы Қаныгүл Сатыбалдиева 13 қазанда қайтыс болды. Тұрғындар оны жергілікті зиратқа жерлеуге рұқсат етпегендіктен, қызы әкімдіктен және жергілікті мәслихат депутаттарынан көмек сұраған. Марқұм әйелді мұсылман қабіріне жерлеуге бірінші болып аудандық имам қарсы шыққан. Ол халықты жинап, Жұлдыз Азаевадан мұсылмандыққа бет бұруды талап еткен. Жиналған халық әйелге қарсы тас лақтыруға шақырған.

- Олар менің христиан дінінен бас тартып, исламды қабылдауымды талап етті. Маған анам үшін келісуге тура келді. Олар бұл өзгелерге сабақ болсын деді. Мен исламды қабылдап тұрып, анамды жерлеуге рұқсат бересіңдер ме деп сұрадым. Мәйіт екі күн бойы жатты, исі шыға бастады. Бірақ жиналғандар қарсы болды. Олар маған аулаңа жерле деді. Жауларыма мұндай жағдайды тілемеймін», - дейді Жұлдыз.

Аудан әкімі Шумкар қажы Чыналиев Жұлдыз Азаеваны келемеждегенін жоққы шығарып, бұл тек түсіндіру жұмысы болды дейді.

Қаныгүл Сатыбалдиеваның денесін көрші ауылдағы басқа зиратқа жерлеген. Бірақ Орықты ауылының тұрғындары да шу көтерген. Соңында мәйітті қайта қазып алып, христиандардың зиратына жерлеуге тура келген.

XS
SM
MD
LG