Ссылки доступа

Қытай ғарыш кемесі алғаш рет екі ғарышкерін орбитаға алып шықты


Қытайда сәтті ұшырылған зымыран тасығыш "Тяньгун-2" ғарыш станциясына екі ғарышкерді жеткізеді. Бұл туралы Қытайдың орталық телевидениесі хабарлады.

"Шеньчжоу-11" ғарыш кемесінің бортында екі ғарышкер бар, олар орбитада 30 күн болады. Бұл экспедиция қытайлық ғарыш бағдарламасы тарихындағы ең ұзыны болмақ.

"Тяньгун-2" зертханалық станция орбитаға 15 қыркүйекте шықты. Оған бірінші мәрте адамдар - "Шеньчжоу-11" экипажы ұшып барады.

XS
SM
MD
LG