Ссылки доступа

Өзбекстанның іскер топтары Тәжікстанмен байланысын жақсартты


Өзбекстан кәсіпкерлері мен коммерциялық компанияларының делегациясы жақын күндері Тәжікстанның Соғды облысына барып қайтты. Соғды облысы әкімшілігінің хабарлауынша, делегация құрамына Ферғана алқабының кәсіпкерлері енген. Сапар өзбектердің бастамасымен жүзеге асырылды.

Соғды облысы әкімшілігінің баспасөз хатшысы Музаффар Юнусовтың хабарлауынша, делегация екі күн бойы Худжанд және Исфар қалаларын аралап, жергілікті кәсіпорындар мен компаниялардың, мәдениет мекемелерінің қызметімен танысты.

Өзбектер "Касри Арбоб" сарайын, "Истиклол" тарихи-мәдени кешенін тамашалады, Камоли Худжанди ескерткішіне гүл қойды. Делегация мүшелері Шейх Камоли Худжанди мұражай үйінде өткізілген мәдени шараға қатысты. Мұнда тәжік және өзбек тілдерінде өлеңдер оқылып, ән шырқалды.

Худжанд әкімінің баспасөз хатшысы Махмужон Дадобоевтың айтуынша, осы шаралар барысында тәжіктер мен өзбектердің жақын әріптес болуға ниеті анық байқалып тұрды.

XS
SM
MD
LG