Ссылки доступа

АҚШ: Мәскеу Алепподағы "үзіліс" жөніндегі шешімді кеш қабылдады


Ресейдің бейбіт тұрғындар қаланы тастап шығу үшін Алеппоны бомбалауды 8 сағатқа тоқтату туралы шешімі жақсы, бірақ бұл өте аздық етеді әрі тым кеш жасалды деп мәлімдеді АҚШ-тың Мемлекет департаментінің ресми өкілі Марк Тонер.

Ресейдің Бас штабы 20 қазанда Алепподан бейбіт тұрғындар шығу үшін "гуманитарлық үзіліс" жариялайтынын мәлімдеді. БҰҰ Алепподағы кез-келген соғысты тоқтату қадамын қолдайтынын айтқан. Алайда қалаға гуманитарлық көмекті кіргізу үшін кемінде 48 тәулік бойында соғысты тоқтату керек.

Еуропалық одақ ресейлік және сириялық әскердің қаланы шабуылдап жатқанын айыптады. Онда шабуыл нысанасына мектептер, ауруханалар, қалалық инфрақұрылымдар алынғаны, бейбіт халықтың қаза тауып жатқаны айтылған.

Соңғы аптада Башар Асад билігі Ресейдің қолдауымен Алеппоның шығысына шабуылды күшейтті. Ондаған адам қайтыс болды.

20 қыркүйекте Алеппода БҰҰ-ның гуманитарлық көлігіне шабуыл жасалды. АҚШ пен ЕО Ресейді айыптады. Мәскеу болса, теріске шығарады.

XS
SM
MD
LG