Ссылки доступа

Ақтөбеде қарулы шабуылға қатысты сот жабық өтіп жатыр


Ақтөбеде қарулы шабуылға күдіктілердің үстінен басталған сот тыңдауы жабық түрде өтіп жатыр. Айыпталушы орынтағында 29 адам. Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда.

Сот ғимаратында күзет күшейтіліп, сот орналасқан аудан қоршауға алынған. БАҚ өкілдері сот процесін арнайы залдан монитордан қарап отырған, тыңдау басталғанда судья сотталушыларды таныстырған соң мониторда дыбыс өшіп, бейне ғана қалды.

Қылмыстық іс бойынша 29 адам сотқа тартылады. Оның тоғызы түрлі қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны, оның ішінде терроризм актісін жасауға тікелей қатысқандары, 18-і дайындалып жатқан қылмыс туралы хабарламағаны, екеуі қылмысты жасырып қалғандары үшін айыпталып отыр.

Айыптылардың құқығын 27 адвокат қорғайды. Бұл іс бойынша 88 адам жәбірленуші, 48 адам куәгер деп танылған.

XS
SM
MD
LG