Ссылки доступа

Өзбекстанда 23 жылға сотталған бұрынғы депутаттың мерзімі ұзартылуы мүмкін


Өзбекстанның Олий Кенгашының бұрынғы депутаты және Чиназдағы мұнай өңдеу зауытының бұрынғы директоры Самандар Қоқановтың түрмедегі мерзімі биыл 6 қазанда аяқталды.

Дегенмен 72 жастағы Қоқановқа қатысты түрме тәртібін бұзғаны үшін тергеу амалдары жүргізіле бастады. Халықаралық ұйымдар Самандар Қоқановты саяси тұтқын ретінде таныды, ол - тәуелсіз Өзбекстан тарихында ең ұзақ түрме мерзімін алған оппозициялық саясаткер.

Жазасын өтеушінің баласының айтуынша, әкесі 6 қазанда түрмеден шығуы керек ,болған. "Сол күні мен оны алып кету үшін Зарафшан қаласындағы колонияға бардым. Бірақ мекемедегілер оның бүгін босатылмайтынын ескертті. Колония басшы: "Әкеңіз түрменің ішкі тәртібін үнемі бұзады, сол себепті оған қатысты тергеу жүріп жатыр, біз оған мерзім қосқымыз келеді" дегенді айтты", - деді Сардор Қоқанов.

Сот отырысы 17 қазанда өтуі тиіс болған. Бірақ Қоқановтың туыстары соттың қандай шешім шығарғанын біле алмай отыр.

Самандар Қоқановтың жақтастарының пікірінше, 80-жылдары танымал саясаткер болған кәсіпкер әрі депутат Қоқановты президент Ислам Кәрімовтің жеке жарлығымен тұтқындаған.

XS
SM
MD
LG