Ссылки доступа

Украинаға арналған Берлин кездесуі "норманд форматында" өтеді


Берлинде сәрсенбі күні кешке "норманд төрттігі" деп аталып кеткен кездесу өтеді. Оған Германия, Франция, Украина және Ресей басшылары қатысады.

Германия канцлері Ангела Меркелдің өкілі Штеффан Зайберттің хабарлауынша, Берлинге аталған төрт елдің басшыларының барлығы да келеді.

Бұл Ресей президенті Владимир Путиннің 2014 жылы Украинаның шығысында жанжал басталғалы бергі Берлинге алғашқы сапары. Франция президентінің айтуынша, сәрсенбі күні берлиндік кездесуде Украинаның шығысындағы дағдарысты аяқтау қадамдары талқыланады.

Келіссөздер Еуроодақтың Ресейге қарсы санкцияларға қатысты Брюсселдегі саммиті қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Мәскеуге қарсы енгізілген шектеулердің мерзімі биыл аяқталады.

Брюсселдегі екі күндік саммитте Ресейдің Сириядағы рөлі де талқыланады. Өткен аптада Ресейдің Сириядағы әрекеттері Франция тарапынан қатаң сынға ұшырады, сол себепті Путин Парижге бара алмай қалды.

XS
SM
MD
LG